Қарағандыдағы автокөлік базарының екі қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Дүйсембеков көшесіндегі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан автобөлшектер сататын бес бутиктен өрт шыққан. Сондай-ақ от сөрелер мен жиһаздарды шарпыған.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар тілсіз жаудың көршілес жатқан 21 бутикке жайылуына жол бермеген. Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қарағанды #базар өртенді #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz