Қарағандыда автокөлік базары өртенді

Қарағандыдағы автокөлік базарының екі қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Дүйсембеков көшесіндегі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан автобөлшектер сататын бес бутиктен өрт шыққан. Сондай-ақ от сөрелер мен жиһаздарды шарпыған.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар тілсіз жаудың көршілес жатқан 21 бутикке жайылуына жол бермеген. Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: