RU
Толық нұсқаға өту

Каспийде Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр

11.09.2026, 12:30 47

Әскери теңізшілер Қазақстан секторына тиесілі теңіз айдынын толық жүріп өтіп, түрлі жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтап, практикалық атыс жүргізеді. Жаттығу үш кезеңнен тұрады.

Экипаждар кемелер арасындағы өзара іс-қимыл, навигация, байланыс және кемені басқару, қару-жарақты қолдану сынды  дағдыларын жетілдіреді. 

Жағалаудан едәуір қашықтықта орналасқан экипаждардың жұмысына ерекше назар аударылады. Әр кезеңнен өткен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Оған қосымша бөлімшелер де тартылды.

Ермекбай Оспанов, «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі:

- Қазіргі таңда Әскери-теңіз күштерінің кемелері 2026 жылдың жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жыл қорытындылап, жиын-жорыққа шығуға дайындық үстінде. Жиын-жорықтың жалпы мақсаты – жеке құрамның бір жылдық білімдерін тексеріп, пысықтау. Жиын-жорыққа берілген тапсырмаларды менің жеке құрамым сеніммен, біліктілікпен, батылдықпен орындап шығады деген сенімдемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz