Каспийде Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр
Әскери теңізшілер Қазақстан секторына тиесілі теңіз айдынын толық жүріп өтіп, түрлі жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтап, практикалық атыс жүргізеді. Жаттығу үш кезеңнен тұрады.
Экипаждар кемелер арасындағы өзара іс-қимыл, навигация, байланыс және кемені басқару, қару-жарақты қолдану сынды дағдыларын жетілдіреді.
Жағалаудан едәуір қашықтықта орналасқан экипаждардың жұмысына ерекше назар аударылады. Әр кезеңнен өткен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Оған қосымша бөлімшелер де тартылды.
Ермекбай Оспанов, «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі:
- Қазіргі таңда Әскери-теңіз күштерінің кемелері 2026 жылдың жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жыл қорытындылап, жиын-жорыққа шығуға дайындық үстінде. Жиын-жорықтың жалпы мақсаты – жеке құрамның бір жылдық білімдерін тексеріп, пысықтау. Жиын-жорыққа берілген тапсырмаларды менің жеке құрамым сеніммен, біліктілікпен, батылдықпен орындап шығады деген сенімдемін.