Оңтүстікте диқандар орақ науқанына кіріссе, Зайсанда балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жоба қолға алынды. Көл жағалауындағы Тұғыл ауылында балық өсіру және өңдеу кешені салынып жатыр.
Кәсіпорын толық іске қосылғанда, жылына 4 мың тоннадан астам балық еті өңделеді. Ауыл тұрғындары үшін 150 жұмыс орны ашылады.
Шаруашылық жанынан балық өндірісіне қажетті мамандар дайындайтын орталық құрылады. Өңірдегі өзен-көлдерде тіршілік ететін балықтардан бөлек, мұнда бекіре тұқымдас су маржаны да өсіріледі.
Фархат Байбазаров, «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
- Судақ балығын жылына қуаты 30 тонна өсірмекші. Ол 6 млн штук дана балығы. Одан басқа жобада колледж ашпақшы. Бұл колледж жастарға мамандық беру, жастардың ауылдан кетуіне көмек береді.
Тегтер #көксерке #балық #Зайсан көлі #балық шаруашылығы #бекіре #ШҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz