Зайсан көлінде көксерке балығы өсіріледі

Оңтүстікте диқандар орақ науқанына кіріссе, Зайсанда балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жоба қолға алынды. Көл жағалауындағы Тұғыл ауылында балық өсіру және өңдеу кешені салынып жатыр.

Кәсіпорын толық іске қосылғанда, жылына 4 мың тоннадан астам балық еті өңделеді. Ауыл тұрғындары үшін 150 жұмыс орны ашылады. 

Шаруашылық жанынан балық өндірісіне қажетті мамандар дайындайтын орталық құрылады. Өңірдегі өзен-көлдерде тіршілік ететін балықтардан бөлек, мұнда бекіре тұқымдас су маржаны да өсіріледі.

Фархат Байбазаров, «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

- Судақ балығын жылына қуаты 30 тонна өсірмекші. Ол 6 млн штук дана балығы. Одан басқа жобада колледж ашпақшы. Бұл колледж жастарға мамандық беру, жастардың ауылдан  кетуіне көмек береді.

Сондай-ақ оқыңыз: