RU
Толық нұсқаға өту

Сырдарияға 10 мыңнан астам балық шабағы жіберілді

18.09.2026, 17:05 55

Сырдария өзеніне 10 мыңнан астам балық шабағы жіберілді. Бұл шара «Өзенді балыққа толтыру» акциясы аясында өтті. 

Өзенге жіберілген шабақты жергілікті шаруа қожалықтары егін алқаптарындағы су арналарынан жинап алды. Эко-шараға студенттер де белсене қатысты. «Басты мақсат – жастардың бойында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру», - дейді мамандар. Биыл өңірде 7 млн-нан астам балық шабағын құтқару жоспарланған. Бұл жұмыстар қараша айының ортасына дейін жалғасады.

Пазылбек Нәлібаев, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

- Табиғат пайдаланушылар, экологтар, студенттер және барлық тиісті мекемелердің өкілдері қатысып, осы іс-шараны өткізіп жатырмыз. Енді өздеріңіз білесіздер, жыл сайын Қызылорда облысында күз айларында су тартылған кезде балықтар мен шабақтардың қырылу қаупі болады. Соған байланысты бұл іс-шараны біз жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz