Қонаев қаласында бала көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісін растады.
20 қыркүйек сағат 18:40 шамасында 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы облысы #көлік апаты #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz