Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды

Фото: polisia.kz

Қонаев қаласында бала көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісін растады.

20 қыркүйек сағат 18:40 шамасында 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: