RU
Толық нұсқаға өту

Елде тұзды көлден ауланған жәндіктер қайта өңделеді

22.09.2026, 08:30 57

Тұзды көлде ауланған жәнідіктер де кәдеге жарап жатыр. Елде 90-ға тарта тұзды көл бар. Келесі жылы оның бәрінде балық аулауға рұқсат беріледі әрі ауланған өнімді қайта өңдеу міндет.

Қазір Қазақстан – артемия қоры бойынша әлемдегі 10 үздік елдің қатарында. Ал артемия тек тұзды көлдерде кездесетін шаянтәрізді жәндіктер. Оны жем ретінде де қолданады. Әзірге елде 70-ке жуық кәсіпорын артемия аулайды. Бірақ соның біреуі ғана балық жемін шығарып отыр. Компания жылына 700 тонна өнім шығарады. Терең өңдеуден өткен өнімдер әлемнің 30 еліне жөнелтіледі. 

Ернұр Төлеген, «Сайран-Охота» ЖШС бөлім басшысы:

- Артемия дегеніміз – тек қана шикізат ретінде сатылмай, бізде терең өңдеуден өтіп, асшаянның, балықтардың асы болып келеді. Балықтардың бастапқы жемі дейді. Ең кішкентай кезінде жейтін тағамы осы. Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттеріне өнімімізді сатамыз. Сосын Қытай, сосын Оңтүстік Америка жаққа да бет бұрып жатырмыз. Еуропаға да сатқан өзіміздің объемдарымыз бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz