Елде тұзды көлден ауланған жәндіктер қайта өңделеді

Тұзды көлде ауланған жәнідіктер де кәдеге жарап жатыр. Елде 90-ға тарта тұзды көл бар. Келесі жылы оның бәрінде балық аулауға рұқсат беріледі әрі ауланған өнімді қайта өңдеу міндет.

Қазір Қазақстан – артемия қоры бойынша әлемдегі 10 үздік елдің қатарында. Ал артемия тек тұзды көлдерде кездесетін шаянтәрізді жәндіктер. Оны жем ретінде де қолданады. Әзірге елде 70-ке жуық кәсіпорын артемия аулайды. Бірақ соның біреуі ғана балық жемін шығарып отыр. Компания жылына 700 тонна өнім шығарады. Терең өңдеуден өткен өнімдер әлемнің 30 еліне жөнелтіледі. 

Ернұр Төлеген, «Сайран охота» ЖШС бөлім басшысы:

- Артемия дегеніміз – тек қана шикізат ретінде сатылмай, бізде терең өңдеуден өтіп, креветканың асы болып келеді. Балықтардың асы болып келеді. Балықтардың бастапқы жемі дейді. Ең кішкентай кезінде жейтін тағамы осы. Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттеріне өнімімізді сатамыз. Сосын Қытай, сосын Оңтүстік Америка жаққа да бет бұрпы жатырмыз. Еуропаға да сатқан өзіміздің объемдарымыз бар.

Сондай-ақ оқыңыз: