22 қыркүйекте Астанада әйел ер адамның қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Күдікті әйелге 20:00 кезінде шабуыл жасап, оны пышақтап кеткен, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді. Әйел қылмыс болған жерде тіл тартпай кеткен.
«22 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында Астанада бір әйелге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жеткен полиция әйелді әлдекімнің пышақтап кеткенін анықтады. Көп ұзамай полиция күдіктіні қолға түсірді», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Полиция сондай-ақ күдіктіге қатысты желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Тегтер #Астана #әйелді пышақтап кетті #полиция #күдікті #24жаңалықтар #24KZ«Күдікті қазір изоляторда. Ол полиция қызметкері деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бұл қылмыс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, заңға сай ең ауыр жаза алады», - деп хабарлайды полиция департаменті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz