Астанада әйелді пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
22 қыркүйекте Астанада әйел ер адамның қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Күдікті әйелге 20:00 кезінде шабуыл жасап, оны пышақтап кеткен, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді. Әйел қылмыс болған жерде тіл тартпай кеткен.
«22 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында Астанада бір әйелге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жеткен полиция әйелді әлдекімнің пышақтап кеткенін анықтады. Көп ұзамай полиция күдіктіні қолға түсірді», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Полиция сондай-ақ күдіктіге қатысты желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
«Күдікті қазір изоляторда. Ол полиция қызметкері деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бұл қылмыс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, заңға сай ең ауыр жаза алады», - деп хабарлайды полиция департаменті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз