Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Әзербайжан тарапы Қазақстан халқына көңіл айтты.
Бауырлас елдің Сыртқы істер министрлігі X әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, қайғылы қазаны терең өкінішпен қабылдағанын жазған. «Сонымен қатар суға кеткен әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.
Тегтер #Каспийдегі қайғылы оқиға #оқу жаттығу #Әзербайжан #көңіл айтуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz