Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстан халқына қолдау білдірді
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Әзербайжан тарапы Қазақстан халқына көңіл айтты.
Бауырлас елдің Сыртқы істер министрлігі X әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, қайғылы қазаны терең өкінішпен қабылдағанын жазған. «Сонымен қатар суға кеткен әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.