RU
Толық нұсқаға өту

Каспийдегі іздеу жұмыстары аяқталды. LIVE

25.09.2026, 11:00 156

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады. 

«Сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды», - делінген ресми ақпарда.

Еске салайық, кеше Ақтаудан 43 шақырым жерде орналасқан демалыс орнының жағалауында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 әскери қызметші суға кеткен болатын. Оның 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылған еді. Осылайша, қаза болған әскери қызметшілердің саны 14-ке жетті.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz