Елдің 10 өңірінде арнайы операция ұйымдастырылып, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 адам ұсталды.
Оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы шараны Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен өткізді. Алда да қылмыспен күрес қарқын алады.
Тегтер #Ұлттық қауіпсіздік Комитеті #ауыр қылмыс #күдікті #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz