Ауыр қылмысқа қатысы бар 29 күдікті ұсталды

Елдің 10 өңірінде арнайы операция ұйымдастырылып, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 адам ұсталды. 

Оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы шараны Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен өткізді. Алда да қылмыспен күрес қарқын алады.

Сондай-ақ оқыңыз: