Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі қиылыста көлік қозғалысына түнгі уақытта шектеу қойылады, деп хабарлайды 24KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік қозғалысы мына учаскелерде толық шектеледі:
· 1 қазан сағат 23:00-ден 2 қазан сағат 07:00-ге дейін — Рақымжан Қошқарбаев және Бауыржан Момышұлы даңғылдарының қиылысында;
· 2 қазан сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін — Рақымжан Қошқарбаев және Мағжан Жұмабаев даңғылдарының қиылысында.
Елорда әкімдігі жүргізушілерден осы ақпаратты ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жол жабылады #жол жөндеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz