Астанада екі қиылыс жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

фото: gov.kz

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі қиылыста көлік қозғалысына түнгі уақытта шектеу қойылады, деп хабарлайды 24KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Көлік қозғалысы мына учаскелерде толық шектеледі:

·         1 қазан сағат 23:00-ден 2 қазан сағат 07:00-ге дейін — Рақымжан Қошқарбаев және Бауыржан Момышұлы даңғылдарының қиылысында;

·         2 қазан сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін — Рақымжан Қошқарбаев және Мағжан Жұмабаев даңғылдарының қиылысында.

Елорда әкімдігі жүргізушілерден осы ақпаратты ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз: