ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қаражал қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндірген қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын — экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған.
Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.
Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.
Сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асады, оның құны 950 млн теңге .
Тергеу жалғасып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Ұлытау облысы #қылмыс #прокуратура #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz