Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды
ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қаражал қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндірген қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын — экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған.
Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.
Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.
Сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асады, оның құны 950 млн теңге .
Тергеу жалғасып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз