Өскеменде 1 келіден астам психотроптық затпен екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі интернеттен жұмыс тауып, тыйым салынған заттарды алып, өлшеп, буып-түюмен айналысқан. Ол атқарған жұмысы үшін криптовалюта түрінде ақы алып, кейін ақшаны банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Тінту кезінде төрт пластик ыдыс, ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет, изолента және үш электронды таразы тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде шамамен 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон анықталды. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #психотроптық зат #есірткі #мефедронPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz