Қазақстанда 7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Премьер-Министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазір 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың 1500 вагоны интернетпен қамтылған.
7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр. "Батыс – Шығыс" гипермагистралі бойынша жалпы ұзындығы 4511 шақырым болатын желінің жартысы тартылды. Жыл соңына дейін пайдалануға береміз, – деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар ауылдық жерлерде 370 елді мекен интернетке қосылған. Қазіргі уақытта 11 819 шақырым байланыс желісі тартылды.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ұшақ #интернетБиыл 1600 ауылды интернетке қосу жоспарланған. 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автомобиль жолын байланыспен қамту көзделіп отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылысы орнатылады, – деді министр.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz