Қазақстанда 7 ұшақ пен 50 туристік нысан интернетке қосылады
Қазақстанда 7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Премьер-Министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазір 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың 1500 вагоны интернетпен қамтылған.
7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр. "Батыс – Шығыс" гипермагистралі бойынша жалпы ұзындығы 4511 шақырым болатын желінің жартысы тартылды. Жыл соңына дейін пайдалануға береміз, – деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар ауылдық жерлерде 370 елді мекен интернетке қосылған. Қазіргі уақытта 11 819 шақырым байланыс желісі тартылды.
Биыл 1600 ауылды интернетке қосу жоспарланған. 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автомобиль жолын байланыспен қамту көзделіп отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылысы орнатылады, – деді министр.