Алматыда тапанша мен бес оқ-дәрі алып жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Полиция мәліметінше, әйелді Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында сағат 17:00 шамасында есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған.
Тексеру кезінде одан 9 миллиметрлік тапанша мен бес оқ табылды. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Ұсталған әйелдің айтуынша, ол тапаншаны осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.
Қазір полиция әйелдің бұл сөзін тексеріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #оқдәрі #тапаншаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz