Алматыда әйелдің сөмкесінен тапанша мен оқ-дәрі табылды

фото: depositphotos.com

Алматыда тапанша мен бес оқ-дәрі алып жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, әйелді Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында сағат 17:00 шамасында есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған.

Тексеру кезінде одан 9 миллиметрлік тапанша мен бес оқ табылды. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол тапаншаны осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.

Қазір полиция әйелдің бұл сөзін тексеріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: