Алматыда 18 қазанда веложарысқа байланысты «Медеу» спорт кешеніне баратын жолда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды 24KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақүйінен «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта көлікпен жүруге болмайды.
Шектеу Giro d’Almaty веложарысына байланысты енгізіледі. Қатысушылардың қозғалысына қарай жол кезең-кезеңімен жабылып, қайта ашылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #веложарыс #Медеу #жол жабыладыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz