Алматыда 18 қазанда «Медеуге» баратын жол уақытша жабылады

фото: depositphotos.com

Алматыда 18 қазанда веложарысқа байланысты «Медеу» спорт кешеніне баратын жолда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды 24KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, Royal Tulip Almaty қонақүйінен «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта көлікпен жүруге болмайды.

Шектеу Giro d’Almaty веложарысына байланысты енгізіледі. Қатысушылардың қозғалысына қарай жол кезең-кезеңімен жабылып, қайта ашылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыз: