Президент шет мемлекет басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды 24KZ.
Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекет және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.
Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Тегтер #Таңдаулы #Тоқаев #Мемлекет басшылары #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz