Қ. Тоқаев шет мемлекеттер басшыларының құттықтауларына ризашылығын білдірді 

Президент шет мемлекет басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды 24KZ.

Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекет және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.

Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ оқыңыз: