Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін өседі. Бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның табысына әсер етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, жалақының ең төменгі мөлшерін көтеру бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің де табысын арттыруға мүмкіндік береді. Үкіметке тиісті тапсырма берілді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ең төменгі жалақы #табыс #президент #жолдау 2026Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.
Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz