Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

фото: depositphotos.com

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін өседі. Бұл өзгеріс 1,8 миллион адамның табысына әсер етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, жалақының ең төменгі мөлшерін көтеру бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің де табысын арттыруға мүмкіндік береді. Үкіметке тиісті тапсырма берілді.

Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.

Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз: