Алматы облысында белгілі жануарларды қорғаушы Владимир Тепляковты өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ» облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл 7 қазанда ер адамды өлтіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу аясында ұсталған адамның аталған кісі өлтіру қылмысына қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады полиция өкілдері.
Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тегтер #Алматы облысы #күдікті ұсталды #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz