Каспийдегі әскерилердің қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға қамауға алынды.
Олардың қатарында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері және катер капитаны бар.
Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Жақын арада ол аяқталып, қылмыстық процеске қатысушыларды іспен таныстыру жоспарланған. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.
Тегтер #Таңдаулы #Каспийдегі оқиға #қылмыстық іс #Сот сараптамасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz