Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды

Фото: depositphotos.com

Каспийдегі әскерилердің қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды тұлға қамауға алынды.

Олардың қатарында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері және катер капитаны бар. 

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Жақын арада ол аяқталып, қылмыстық процеске қатысушыларды іспен таныстыру жоспарланған. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыз: