Қазақ телевизиясының аңызы, тұңғыш теледиктор Зұлқия Жұматова 107 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол 1920 жылы 20-шы ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді, деп хабарлайды 24KZ.
1958 жылы Алматы телестудиясына жұмысқа қабылданып, алғашқы кәсіби диктор атанды. Сол ұжымда 1970-ші жылға дейін табан аудармай қызмет істеп, ұлттық телевизияның қалыптасуы жолында қажырлы еңбек етті. Өнегелі өмірін осы салаға арнады. Қос ғасырды қатар көрген ардагерді маусымда Мемлекет басшысы «Құрмет» орденімен марапаттаған еді.
Тегтер #24KZ #телевизия #диктор #Құрмет ордені #Зұлқия ЖұматоваPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz