Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова қайтыс болды
Қазақ телевизиясының аңызы, тұңғыш теледиктор Зұлқия Жұматова 107 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол 1920 жылы 20-шы ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді, деп хабарлайды 24KZ.
1958 жылы Алматы телестудиясына жұмысқа қабылданып, алғашқы кәсіби диктор атанды. Сол ұжымда 1970-ші жылға дейін табан аудармай қызмет істеп, ұлттық телевизияның қалыптасуы жолында қажырлы еңбек етті. Өнегелі өмірін осы салаға арнады. Қос ғасырды қатар көрген ардагерді маусымда Мемлекет басшысы «Құрмет» орденімен марапаттаған еді.