Елордада «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушы ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу барысында күдіктінің тиісті лицензиясыз қызмет еткенін анықтады. Микроқаржы ұйымы азаматтарға 30 күнге қарыз беріп, күніне 0,25%-ға дейін үстеме қосқан, деп хабарлайды 24KZ.
Қарызды уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салып, төленбеген жағдайда кепілдегі затты сатылымға шығарған. Қызмет қолма-қол ақша арқылы көрсетіліп, күдікті 102 млн теңгеден аса пайда тапқан. Сот санкциясымен оның екі пәтері, үш автокөлігі және екі кеңсеге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Астана #ломбардPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz