Астанада лицензиясыз ломбард иесі ұсталды

Елордада «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушы ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу барысында күдіктінің тиісті лицензиясыз қызмет еткенін анықтады. Микроқаржы ұйымы азаматтарға 30 күнге қарыз беріп, күніне 0,25%-ға дейін үстеме қосқан, деп хабарлайды 24KZ.

Қарызды уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салып, төленбеген жағдайда кепілдегі затты сатылымға шығарған. Қызмет қолма-қол ақша арқылы көрсетіліп, күдікті 102 млн теңгеден аса пайда тапқан. Сот санкциясымен оның екі пәтері, үш автокөлігі және екі кеңсеге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Сондай-ақ оқыңыз: