Атырауда пайдаланылған пластик бөтелкелерден талшық өндіретін зауыт салынды. Кәсіпорын жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Жаңа зауыттың жылына 7 мың тоннаға дейін талшық өндіруге қуаты жетеді, деп хабарлайды 24KZ.
Шикізат Батыс Қазақстанның төрт облысынан жиналады. Одан жол құрылысына қажетті геотекстиль, сондай-ақ жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар жасалады. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 600 млн теңге.
Ерболат Наурызғали, «Фибратекс» ЖШС директорының орынбасары:
– Бұл жоба Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық бағыттағы жобалардың бірі болып саналады. Қазіргі таңда зауыт қосу-реттеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Жылына 7 мың тонна өндіруге дейін қауқары бар. 67 жаңа жұмыс орны ашылады.
Тегтер #24KZ #Атырау #зауыт ашылды #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz