Атырауда штапельді талшық өндіретін зауыт іске қосылады

Атырауда пайдаланылған пластик бөтелкелерден талшық өндіретін зауыт салынды. Кәсіпорын жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Жаңа зауыттың жылына 7 мың тоннаға дейін талшық өндіруге қуаты жетеді, деп хабарлайды 24KZ.

Шикізат Батыс Қазақстанның төрт облысынан жиналады. Одан жол құрылысына қажетті геотекстиль, сондай-ақ жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар жасалады. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 600 млн теңге.

Ерболат Наурызғали, «Фибратекс» ЖШС директорының орынбасары:

– Бұл жоба Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық бағыттағы жобалардың бірі болып саналады. Қазіргі таңда зауыт қосу-реттеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Жылына 7 мың тонна өндіруге дейін қауқары бар. 67 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ оқыңыз: