RU
Толық нұсқаға өту

Мексика «Крис» дауылына дайындала бастады

01.07.2024, 17:48 675

Мексика халқы «Крис» тропикалық дауылына дайындалып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Синоптиктердің айтуынша, дүлей жел алдағы күндері Мексика шығанағының оңтүстік-батысынан жылжып, алдымен елдің шығыс бөлігіне соғады. Оның екпіні сағатына 65 шақырымнан асып, жаңбыр селдетіп, тасқын жүреді деген болжам бар. Осыған байланысты тұрғындар дүкендерден азық-түлік пен ауызсуды көптеп сатып алуға кіріскен. Билік те жұртқа дауыл кезінде барынша абай болып, арнайы орындарды паналауға шақырып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz