RU
Толық нұсқаға өту

Абу-Дабиде алғашқы АЭС құрылысы аяқталды

16.09.2024, 21:40 627

Абу-Дабиде елдегі алғашқы «Барак» атом электр стансысының құрылысы аяқталды.

Ол осыдан 4 жыл бұрын толық емес қуатта жұмыс істей бастаған. Енді стансының соңғы блогы пайдалануға берілді. АЭС жылына 40 тераватт-сағат электр энергиясын өндіреді. Ол тұтас мемлекеттің электр энергия қажеттілігінің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр. «Аталған жоба көміртегі шығарындыларын азайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болмақ», – дейді билік өкілдері.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz