RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда мыңдаған жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр болды

12.02.2025, 17:39 723

Жапонияның Хоккайдо аралына қалың қар түсіп, 1600 адам әуежайда түнеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды 24kz

Аймаққа бірнеше сағат бойы жауған жауын-шашыннан кейін қатты жел тұрып, қозғалыс қиындаған. Салдарынан 120 рейс кейінге шегерілді. Жолаушылар діттеген жеріне жете алмай, жолынан қалды.

Айта кетейік, аймақта өткен аптада басталған қолайсыз ауа райы салдарынан 3 адам опат болып, тағы 50 адам зардап шеккен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz