Жапонияда мыңдаған жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр болды
Жапонияның Хоккайдо аралына қалың қар түсіп, 1600 адам әуежайда түнеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды 24kz.
Аймаққа бірнеше сағат бойы жауған жауын-шашыннан кейін қатты жел тұрып, қозғалыс қиындаған. Салдарынан 120 рейс кейінге шегерілді. Жолаушылар діттеген жеріне жете алмай, жолынан қалды.
Айта кетейік, аймақта өткен аптада басталған қолайсыз ауа райы салдарынан 3 адам опат болып, тағы 50 адам зардап шеккен.