RU
Толық нұсқаға өту

Әлемдегі ауасы ең лас қала анықталды

12.02.2025, 19:15 3789

Вьетнам астанасы Ханой әлем бойынша ауасы ең лас қала атанды, деп хабарлайды 24kz. 

IQAir халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. 9 миллиондай тұрғыны бар бұл шаһарда 8 млн көлік тіркелген. Соның кесірінен ауаға шамадан тыс улы газ бөлініп, экологиялық ахуал күрделеніп кеткен. Екінші – Сараево, ал Бангладеш астанасы Дакка үшінші болып тұр. Экологиясы ең нашар 124 қаланың ішінде оңтүстік астанамыз Алматы да бар. Ең ірі мегаполисіміз ауасы ластанған шаһарлар тізімінде Баку мен Ташкентті артта қалдырып, 23-орынға жайғасқан. Аспанын жиі түтін басып қалатын Нью-Делидің өзі 35-ші тұр. Сарапшылардың есебі бойынша Алматы осал топтағы азаматтар үшін өте қауіпті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz