Әлемдегі ауасы ең лас қала анықталды

Вьетнам астанасы Ханой әлем бойынша ауасы ең лас қала атанды, деп хабарлайды 24kz

IQAir халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. 9 миллиондай тұрғыны бар бұл шаһарда 8 млн көлік тіркелген. Соның кесірінен ауаға шамадан тыс улы газ бөлініп, экологиялық ахуал күрделеніп кеткен. Екінші Сараево, ал Бангладеш астанасы Дакка үшінші болып тұр. Экологиясы ең нашар 124 қаланың ішінде оңтүстік астанамыз Алматы да бар. Ең ірі мегаполисіміз ауасы ластанған шаһарлар тізімінде Баку мен Ташкентті артта қалдырып, 23-орынға жайғасқан. Аспанын жиі түтін басып қалатын Нью-Делидің өзі 35-ші тұр. Сарапшылардың есебі бойынша Алматы осал топтағы азаматтар үшін өте қауіпті.