Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімнің екінші кезеңі бойынша келіссөздер басталады. Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар мәлімдеді.
Ол үшін әуелі ХАМАС тағы израильдік 6 тұтқынды босатуға тиіс. Сондай-ақ көз жұмған 4 адамның сүйегі ертең еліне қайтарылады. Газа секторындағы бітімге қарамастан, Израиль күштерінің қолынан Рафахта тағы екі палестиналық қаза тапты. Сондай-ақ біріккен ұлттар ұйымының 3 мектебі мен Батыс жағалаудағы кәсіптік оқыту орталығын басып алды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz