Израиль мен ХАМАС келісімінің екінші кезеңі бойынша келіссөз басталады
Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімнің екінші кезеңі бойынша келіссөздер басталады. Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар мәлімдеді.
Ол үшін әуелі ХАМАС тағы израильдік 6 тұтқынды босатуға тиіс. Сондай-ақ көз жұмған 4 адамның сүйегі ертең еліне қайтарылады. Газа секторындағы бітімге қарамастан, Израиль күштерінің қолынан Рафахта тағы екі палестиналық қаза тапты. Сондай-ақ біріккен ұлттар ұйымының 3 мектебі мен Батыс жағалаудағы кәсіптік оқыту орталығын басып алды.